1-5

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы жылдың алғашқы үш айында $1,5 млрд-қа дейін жетті

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында $1,5 млрд-қа дейін жетті.

22 Mayıs 2022 23:09

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның ең көп сыртқы сауда іске асырған елдер рейтингі арасында Түркия үшінші орында орналасты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі 1,5 млрд.долларға жақындады.

Көрсетілген кезеңде Қазақстанның Түркияға экспорты 1 миллиард 252 миллион долларды, ал Түркиядан импорт 236,3 миллион долларды құрады.

Қазақстанның Түркияға экспортының жалпы көлемінің 70,7% (885 млн доллар)  отын-энергетикалық өніміне тиесілі болды. Екінші орында - 25,9 пайыздық үлесімен металл өнімдері (324 миллион доллар) болды.

Дәл осы кезеңде Түркиядан Қазақстанға 26,2 пайыз (62 миллион доллар) үлесімен ең көп техникалық және аппараттық құралдар импортталды. Екінші орында 20% (47,5 миллион доллар) үлесімен тоқыма өнімдері орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңінде 803,1 млн доллар құрады. Оның 545,2 млн долларын Қазақстанның Түркияға экспорты және 257,8 млн долларын Түркиядан импорт құраған болатын.

Жаңалықтар