Қазақстан мен Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде бейнеконференция әдісімен өткен кездесуге екі елдің қорғаныс министрліктерінің құзыретті өкілдері қатысқандығы хабарланады.

04 Ağustos 2021 16:53

Мәлімдемеде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау салалары Қазақстан мен Түркияның қорғаныс мекемелері арасында белгіленген ынтымақтастықтың жаңа салалары болып табылатыны атап өтілген. "Тараптар осы саладағы мамандарды даярлау перспективалары, әскерлік даярлық процесі, бөлімшелердің техникалық жабдықтары секілді тақырыптарды талқылады.

 

Жаңалықтар