30

Қазақстан мен Түркияның бауырлас тоғайына 30 көшет отырғызылды

Өткен жылы Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда ашылған "Қазақстан мен Түркияның бауырлас тоғайында" екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатудың 30-шы жылдығына орай 30 көшет отырғызылды.

02 Haziran 2022 17:34

2021 жылы елорданың Президенттік саябағында ашылған тоғай Түркияның Нұр-Сұлтандағы елшілігінің қолдауымен өсіп келеді.

Биыл Қазақстан-Түркия дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығына орай тоғайда қосымша 30 ағаш отырғызылды.

Көшет отырғызу рәсіміне Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі және Бас директор Ерқан Мұқашев, Түркияның Қазақстандағы Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи, сондай-ақ Алматы облысы әкімшілігінің өкілдері мен елшілік қызметкерлері қатысты.

 

Жаңалықтар