Қазақстан мен Қырғызстан стратегиялық серіктестік қатынастарын күшейтеді

Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев және Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, екі елдің арасындағы стратеягиялық серіктестікті нығайту мақсатымен кездесті.

03 Mart 2021 11:05

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға екі күндік ресми сапармен келді.

Жапаровты Ақорда президенттік сарайында өткен ресми рәсімде казактық әріптесі Тоқаев қарсы алды.

Рәсімнен кейін Тоқаев пен Жапаров іскерлік келіссөздер жасау аясында аймақтық және халықаралық мәселелерді, сондай-ақ сауда, экономика, инвестициялар, қорғаныс, энергетика, су ресурстары, денсаулық сақтау, білім беру және мәдени салалардағы ынтымақтастықты талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша жарияланған бірлескен хабарламаға сәйкес екі ел арасында өзара сенім мен теңдік негізінде стратегиялық әріптестік қатынастарын нығайту туралы келісімге қол қойылды.


Мемлекет басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Кеңейтілген құрамдағы келіссөздерде сауда-экономикалық байланыстарды арттыруға және саяси, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда тығыз ықпалдастық орнатуға басымдық берілді.


Қазақстан мен Қырғызстан өнеркәсіп, гидроэнергетика, отын-энергетикалық кешен, жер асты ресурстарын пайдалану, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу секторы, логистика және банк ісі саласындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыра бастайды.

Орта Азияда стратегиялық әріптестік шеңберінде қоршаған орта, энергетикалық қауіпсіздік және су ресурстарын пайдалану саласындағы өзара ынтымақтастық өсетін болады.

Мәдени қарым-қатынастарды қолдау үшін Қырғызстанның астанасы Бішкекте қазақтың танымал ақыны Абай Құнанбаевқа, ал Нұр-Сұлтанда Манас пен Шыңғыс Айтматовқа ескерткіштер тұрғызылатын болады.

Екі елдің құзыретті министрліктері арасында Қазақстандан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге, сондай-ақ электр энергиясын сату сияқты көптеген салалардағы құжаттарға қол қойылды.

Жаңалықтар