Қазақстан мен Өзбекстан парламенттері арасында ынтымақтастық кеңесі құрылды

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан заң шығару Мәжілісінің төрағасы Нұриддинжан Исмаилов екі ел парламенттері арасында ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойды.

09 Şubat 2022 23:27

Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы Мәжілістің жаңа тағайындалған төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген өзбек әріптесі Нұриддинжан Исмаловты және оның төрағалығындағы делегацияны қабылдады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қошанов пен Исмаилов Қазақстан мен Өзбекстан арасында парламентаралық ынтымақтастық кеңесін құруды көздейтін келісімге қол қойды.

Қол қою рәсімінен кейін сөз сөйлеген Қошанов бұл кеңес екі Қазақстан мен Өзбекстан Мемлекет басшылары арасында қол қойылған келісімдер аясында құрылғанын және тарихи сипатқа ие болғанын атап өтті.

ҚР Мәжілісінің төрағасының айтуынша, аталмыш кеңес екі ел парламенттері арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығарады. Рәсім аясында Исмаилов бауырлас халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстанның екінші дәрежелі "Достық" орденімен наградталды.

Өз кезегінде Исмаилов алғысын білдіріп, екі ел парламенттері арасындағы диалогты жандандыру саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың әлеуетін тікелей арттыруға және жұртшылық арасындағы достық байланыстарын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. 

Айта кетейік, өткен жылы желтоқсан айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында одақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын.

Жаңалықтар