Қазақстан Үндістанға медициналық көмек жібереді

Қазақстан коронавирустың өршуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайы нашарлаған Үндістанға медициналық көмек жіберуге шешім қабылдады.

07 Mayıs 2021 14:12

Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады.

Кездесу аясында Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы  аталған елге 6 миллион медициналық бетперде, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырды.

Жаңалықтар