Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов түрік инвесторларын ынтымақтастыққа шақырды

Смайылов еліміздің минералды ресурстар, көлік жасау, ауыл шаруашылығы және жаңартылатын энергия көздері саласында түрік инвесторларымен ынтымақтасуға дайын екенін хабарлады.

05 Mart 2022 12:30

Смайылов Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан-Түркия іс форумына қатысты. Бұл жерде сөйлеген сөзінде Премьер-министр түрік инвесторларды ынтымақтастыққа шақырды.

Түркия - Қазақстанның ең сенімді сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өткен Смайылов өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 33 пайызға өсіп, 4,1 миллиард доллардан асқанын айтты.

Смайылов соңғы 15 жылда елімізге Түркиядан 3,5 млрд-тан астам тікелей инвестиция түскенін, ал Қазақстанның түрік экономикасына салған инвестициясы 1 млрд доллардан асқанын мәлімдеді.

 "Індетке қарамастан, Түркиядан Қазақстанға келетін инвестициялар көлемі 3 жыл ішінде рекордтық деңгейге жетті. Өткен жылдың 9 айында елге 535 миллион доллар көлемінде түрік инвестициясы келді. Бұл да Қазақстанға деген үлкен сенімді білдіреді," - деп жалғастырды Премьер-министр.

Смайыловтың айтуынша, Үкімет елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру саласында белсенді жұмыс жүргізуде: "Осыған байланысты біз мемлекеттің бизнестегі үлесін қысқарту және жекешелендіруді жеделдету бойынша қадамдар жасап жатырмыз." - деді ол.

Қазақстан табиғи ресурстар қоры бойынша әлемде 6-шы және шикізат көлемі бойынша 10-шы орында екеніне назар аударған Смайылов:

"Қазіргі уақытта біз өңделмеген минералды ресурстарды зерттеу бойынша іс-шаралар өткізіп жатырмыз. Оларды анықтай отырып, біз оларды жаңа инвесторларға ұсыну үшін аукционға шығарамыз. Ол үшін жер асты ресурстарын пайдалану туралы жаңа заң қабылданды," - деді.

Премьер-министр, сонымен қатар көлік жасау, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері саласында түрік инвесторларын ынтымақтастығын күткендіктерін айтты.

$ 472,6 млн-ға 10 келісімшартқа қол қойылды

Қазақстанның Ұлттық инвестициялық компаниясымен сыртқы экономикалық қатынастар жөніндегі кеңестің іскерлік одағы шеңберінде ұйымдастырылған қазақ-түрік бизнес-форумында жалпы құны 472,6 миллион доллар болатын 10 келісімшартқа қол қойылды, оған екі елден 250-ден астам бизнес өкілдері қатысты.

Жаңалықтар