2050

Қазақстан Ресейдің Байқоңыр ғарыш базасын жалға алу мерзімін 2050 жылға дейін ұзартты

Қазақстан үкіметі Ресейдегі Байқоңыр ғарыш базасын жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзартуды көздейтін заң жобасын мақұлдады.

12 Mayıs 2021 18:55

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің апта сайынғы пленарлық сессиясында Цифрлық даму және ғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, 1994 жылғы 10-шы желтоқсанда Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында қол қойылған Байқоңыр ғарыш базасын жалға беру шартына кейбір өзгерістерді көздейтін заң жобасын ұсынды.

Мусин, Байқоңырдағы ғарыш базасы 20 жылдан астам уақыт Ресейге жалға берілгенін атап өтіп, жыл сайын Ресейден Қазақстанға базаны пайдаланғаны үшін 115 миллион доллар төленетінін және 27 жыл ішінде жалға беруден 3 миллиард доллардан астам кіріс алынғанын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Парламент Нұрлан Нығматулин Ресей тарапынан жаңа заң жобасында ғарыштық зымырандар құлаған жағдайда төленетін материалдық залалды өтеу туралы ережені нақтылауды тапсырды.

Байқоңыр ғарыш базасынан "Союз-2" зымырандарын ұшыруды, сондай-ақ Ресей тарапынан базаны жалдау мерзімін 2050 жылға дейін ұзартуды көздейтін заң жобасыны Парламент депутаттары мақұлдап, Сенатқа жіберді.

1994 жылғы келісімшарт бойынша Ресейдің Байқоңыр ғарыш базасы 2025 жылға дейін Ресейге жалға берілген.

Жаңалықтар