Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы

1984 жылы қаңтарда мұражайға Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.

28 Mayıs 2022 23:21

Ә. Қастеев атындағы МӨМ еліміздегі бейнелеу өнері саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркемсурет мұражайы болып табылады. Мұражайда Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды 9 ғылыми орталық жұмыс атқарады. Қазіргі таңдағы мұражайдың қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды. Музейдің аса бай қорындағы 22500-ден астам кескіндеме, графика, сәулет және Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың Шығыс елдері халықтарының қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстары мұражайдың негізі қорындағы туындылар болып табылады.

Ә.Қастеев атындағы МӨМ әлемдік мәдени мұраларды сақтау, оларды зерттеу және танытуда маңызды іс шараларды орындайды.

Мұражайдың тұрақты экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізгі даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронология тәртібіне негізделген.

Мұражайда зерттеу және білім беру ісі белсенді түрде жүргізіліп қана қоймай, сондай-ақ жыл сайын халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар өткізу үрдіске айналған. Музейде өткізілетін қазақстандық, шетелдік суретшілердің көрмелері өнер сүйер қауымның, Алматы қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырады.

Жаңалықтар