Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді Әзірбайжанда

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні Әзірбайжанның президенті Ильхам Алиев қабылдады.

21 Haziran 2021 16:04

Әзірбайжан президентік баспасөзінің жасаған мәлімдемесінде Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы достық және бауырластық қарым-қатынастар қолдау тауып, мемлекеттер басшылары арасындағы тұрақты байланыстар ынтымақтастықты дамытуға жақсы негіз қалайтыны атап өтілді.

Кездесуде экономикалық қатынастар мәселесі де қозғалды, инвестициялық жобалар мен көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығы ескертілді.

Кездесу барысында сонымен қатар, таяу жылдары жүк тасымалдарының көлемін ұлғайту және тарифтерді келісу үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігілігіне аса назар аударылды.

Өзара сауда көлемінің ұлғаюы күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі екенін мойындай отырып, індет аяқталғаннан кейін сауда көлемі қалпына келтіріліп, ұлғайтылады деген үміт білдірілді. Осыған байланысты сауда-экономикалық ынтымақтастықты әртараптандырудың және өзара экспортты ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.

Тілеубірді Әзірбайжанның президенті Ильхам Алиевті және бүкіл әзірбайжандықтарды Қарабақ соғысындағы жеңісімен және аумақтық тұтастығын қамтамасыз етумен құттықтап, бұл жеңістің өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қызмет ететіне қуанышты болғанын білдірді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрін қабылдау рәсіміне Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Әзірбайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Хаджиев қатысты.

Жаңалықтар