Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен бірлескен баспасөз конференциясына қатысты

Премьер-Министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Қазақстанның алтыншы ірі сауда серіктесі Түркия екенін атап өтіп: "Біздің мақсатымыз - сауда көлемін 10 миллиард долларға дейін арттыру."- деп мәлімдеді.

17 Mart 2021 20:58

Тілеуберді Түркияның Сыртқы істер министрі Чавушоглу және де делегациямен өткізілген кездесулерден кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз конференциясында сөз сөйледі.

Министр биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл толғанын атап өтіп, халықаралық деңгейде Қазақстанды мойындаған алғашқы ел Түркия болғандығын еске салды: "Келесі жылы біздің екіжақты қарым-қатынастарды орнатқанымызға 30-жыл болады, бұл уақытта қазақ-түрік ынтымақтастығы күн сайын нығайып, стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Бұл стратегиялық серіктестікті қалыптастыруда Қазақстанның тұнғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның президенті Режеп Тайип Ердоғанның ерекше рөл атқарғаны тарихи факт"- деп жалғастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығында да екі елдің арасындағы диалогтың дамып келе жатқанына сенім білдірген Тілеуберді, Қазақстан мен Түркия да Кавказдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты жақтайтын екі ел екенін атап өтті.

"Біздің мақсатымыз-сауда көлемін 10 миллиард долларға дейін арттыру"

Тілеуберді Қазақстанның алтыншы ірі сауда серіктесі Түркия екенін атап өтіп: "Біздің мақсатымыз - сауда көлемін 10 миллиард долларға дейін арттыру."- деп хабарлады.

Түркиядан Қазақстанға 4,3 миллиард доллардан астам инвестиция салынғанын және Қазақстаннан Түркияға 3 миллиард доллардан астам инвестиция салынғанын атап өткен Тілеуберді, басқа салалардағы келіссөздерді де талқылады.

Түркістан қаласында құрылған Қожа Ахмет Яссауи қазақ-түрік университетінің білім беру саласындағы ынтымақтастықтың мысалы ретінде келтірген министр: "Түркістан қаласының мемлекеттік орталыққа айналуы да университеттің білім беру саласындағы күшін нығайтады."- деп толықтырды.

Министрдің хабарлағанындай, Түркияның Сыртқы істер министрімен іске асырылған жиналыс барысында Түркі Кеңесінің наурыз айының соңында Қазақстанда өтетін бейресми саммитіне және 2021 жылдың соңында Түркияда өтетін ресми саммитіне дайындық шаралары талқыланды.

Қазақстанның жергілікті Kovid-19 екпесі

Баспасөз конференциясының соңында Тілеуберді тілшілердің жергілікті екпе жұмыстары және де бұл екпенің Түркия серіктестігінде жасалу мүмкінділігі туралы сұрақтарына жауап берді.

Министрдің айтуынша, отандық екпенің үшінші фазалық сынақтары жақында аяқталатын болады. "Қазіргі кезеңде бізге американдықтар техникалық қолдау көрсетуде. Жергілікті екпемізді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен батыс елдерінде тіркеу үшін бірлескен жұмыс жүргізудеміз."- деді Қазақстанның Сыртқы істер министрі.

Тілеуберді шетелдік екпе серіктестерімен жұмыс жүргізіліп жатқанын айта отырып: "Біз Түркияның "Атабай" компаниясымен өндіріс туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз."- деп түйіндеді. 

 

Жаңалықтар