Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов түрік әріптесімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті.

10 Mayıs 2022 13:22

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары аясында Түркияға келген ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов елдің СІМ-де ресми рәсім аясында қарсы алынды.

Жақсылықов пен Акар екіжақты қарым-қатынас, өңірлік қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.

Министрлер 2019 жылы қол қойылған екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастары үшін маңызды бағыт екенін атап өтіп, кездесу барысында әскери дайындық және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мәселелерінде қазіргі қатынастарды жалғастырудың маңыздылығын айтты.

Жаңалықтар