Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлумен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары аясында Түркияға келген ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов және Түркияның Ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу Түркияның Қауіпсіздік және төтенше жағдайлар басқармасында кездесті.

10 Mayıs 2022 17:10

Екі елдің делегациялары қатысқан кездесудің барысында өңірлік және жаһандық қауіпсіздік, құқық қорғау органдарын даярлау, терроризмге қарсы күрес, шетелдік террористерге қарсы күрес, заңсыз көші-қонға қарсы күрес және гуманитарлық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесу аясында Министр Сойлу Түркияның Қауіпсіздік және төтенше жағдайлар басқармасы туралы ақпаратпен бөлісті.

 

Жаңалықтар