Қазақстан шетелдік инвестицияларды тартуда індеттің алдындағы деңгейге жетті

Өткен жылы Қазақстан 23,7 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тартты.

05 Nisan 2022 09:19

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылы елімізге келіп түскен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 37,7 пайызға (17,2 миллиард доллар) артып, 23,7 миллиард долларды құрады.

Осылайша, еліміз осы салада 2017-2019 жылдары, яғни коронавирус індеті алдындағы деңгейге жетті.

Қазақстанға ең көп инвестиция тартатын елдер: Нидерланды (7 млрд доллар), АҚШ (2,8 млрд доллар), Швейцария (2,6 млрд доллар), Ресей (1,9 млрд доллар), Қытай (1,8 млрд доллар), Бельгия (1,06 млрд доллар), Ұлыбритания (1,02 млрд доллар), Оңтүстік Корея (805,5 миллион доллар), Түркия (679,5 миллион доллар) және Франция (603,1 миллион доллар) болды.

Түркия 2021 жылы Қазақстанға инвестицияларын 87 пайызға ұлғайтты және елдің 10 ірі инвесторларының қатарына кірді. 

Осы кезеңде Қазақстанға шетелдік инвестицияларды көбірек тартылатын секторлар ауыл шаруашылығы, ғылым, техника, байланыс және өндіріс болды.

Жаңалықтар