7

Қазақстан Түркияға 7 мың қосымша транзиттік құжат береді

Қазақстан түрік жүк жөнелтушілеріне биыл 7 мың қосымша транзиттік құжат беру туралы шешім қабылдады.

03 Haziran 2021 16:10

Қазақстанның өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің мәлімдеуінше, министрдің орынбасары Берік Камалиев түрік әріптесі Селим Дурсунмен бейнеконференция әдісімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар жер үсті көлігі саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ осы саладағы транзитке рұқсат беру құжаттарының квотасын қайта белгілеу мәселелерін талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптардың Түркияға қосымша 7 мың қосымша транзиттік құжат ұсыну туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған құжаттардың 5 мыңы Қазақстан порттары арқылы тасымалдау үшін, ал 2 мыңы құрлықтағы бақылау-өткізу пункттері арқылы транзит үшін пайдаланылуы мүмкін.

Өткен жылы Түркияға 2021 жылға бөлінген транзиттік құжат 12 мың 500 бірлік ретінде анықталған еді.

- 2021 жылдың бірінші тоқсанда 91 мың тонна жүк тасымалданды

Жылдың алғашқы 3 айында Түркия мен Қазақстан арасында тасымалданатын жүктердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артып, 62,5 мың тоннадан 91,1 мың тоннаға дейін өсті, ал екі ел тасымалдаудан жалпы 283,3 мың доллар табыс алды.

Бұған дейін Қазақстанның өнеркәсіп және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Каспий теңізі арқылы өту кезінде бір көлік құралын төлеу құны 2 мың 400 доллардан 1800 долларға дейін төмендегенін хабарлаған болатын.

Жаңалықтар