29

Қазақстан-Түркия дипломатиялық қатынастарының құрылғанына 29-жыл

Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың құрылғанына 29 жыл болды.

02 Mart 2021 16:11

Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялаған Қазақстан Республикасы мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 2 наурызда басталғаны тіркелген.

Түркияның Қазақстандағы алғашқы елшісі болып тағайындалған Өзпай Аргун, сол кездегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 1992 жылы 21 сәуір күні сенім хат тапсырды, бұл Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз дипломатиялық миссия өкілі болып тарихта қалды.

Назарбаев Түркияға алғашқы ресми сапарының аясында, Анкара қаласында Қазақстан елшілігін ашты. Сол кездегі премьер-министр Сүлейман Демирел де 1992 жылы Қазақстанға ресми сапармен келді, осылайша бұл Қазақстан-Түркия арасындағы бірінші жоғарғы деңгейде өткен дипломатиялық кездесу болды.

Президенттік деңгейдегі алғашқы ресми сапар 1993 жылы болды. Сол кездегі Түркия президенті Тұрғыт Өзал Орта Азияда тәуелсіздігін жариялаған түркітілдес республикаларындағы сапары барысында Қазақстанға да ресми сапармен келген.

Дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейін екі ел арасында қол қойылған көптеген келісімдер Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының негізін қалады.

Екі бауырлас елдің қарым-қатынастары саяси салада дамып қана қоймай, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда да жылдан жылға өркендеп келуде.

Қазақстан-Түркия стратегиялық әріптестік және де ынтымақтастық екі ел арасындағы қарым-қатынастарының өркендеуіне маңызды үлес қосуда.

Жаңалықтар