30

Қазақстан-Түркия дипломатиялық қатынастарының құрылғанына 30 жыл

Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың құрылғанына 30 жыл толды.

02 Mart 2022 14:23

1991 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Түркия Республикасының президенті Тұрғыт Өзал Қазақстанға ресми сапармен келді.

Бұл тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық тарихында шетелдік президенттің жасаған алғашқы ресми сапары ретінде қалды және Түркия Республикасымен жан-жақты серіктестікті нығайту жолында қадам басылды.

1991 жылдың 14 наурызында Түркияның ресми дипмиссиясы құрамында Сыртқы істер министрі Ахмет Куртжебе Алптемучин, Мәдениет министрі Намік Кемал Зейбек, Түркияның КСРО-дағы елшісі Волкан Вурал сол кезеңдегі Қазақстанның астанасы Алматыға келді.Ресми кездесулер барысында Назарбаев пен Өзал келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салада ынтымақтастық орнатуға және екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға байланысты тақырыптар талқыланды.

1991 жылдың 15 наурызында Назарбаев «Қазақ КСР мен Түркия Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойды. Бұл Қазақстанның алғашқы халықаралық келісімі болып тарихта қалды.Қазақстанның ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаны КСРО Сыртқы істер министрлігінің сол кездегі басшылығына ұнамай, бұған деген құқығымыз болмағанын айтты. Ақмарал Арыстанбекова, сол кездегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, бұл Қазақ КСР Президентінің тапсырмасы екенін және «Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның» 14 бабына сәйкес Қазақстанның құқығы бар екенін мәлімдеді.

Осылайша, 1991 жылы наурызда Түркия Республикасының президенті Тургут Өзал мен Президент Н.Назарбаевтың қол қойған «Қазақ КСР мен Түркия Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім» екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастардың негізін қалап, Қазақстанның алғашқы халықаралық келісімі ретінде тарихта қалды.

Назарбаев Түркияға алғашқы ресми сапарының аясында, Анкара қаласында Қазақстан елшілігін ашты. Сол кездегі премьер-министр Сүлейман Демирел де 1992 жылы Қазақстанға ресми сапармен келді, осылайша бұл Қазақстан-Түркия арасындағы бірінші жоғарғы деңгейде өткен дипломатиялық кездесу болды.

Президенттік деңгейдегі алғашқы ресми сапар 1993 жылы болды. Сол кездегі Түркия президенті Тұрғыт Өзал Орта Азияда тәуелсіздігін жариялаған түркітілдес республикаларындағы сапары барысында Қазақстанға да ресми сапармен келген.

Дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейін екі ел арасында қол қойылған көптеген келісімдер Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының негізін қалады.

Екі бауырлас елдің қарым-қатынастары саяси салада дамып қана қоймай, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда да жылдан жылға өркендеп келуде.

Қазақстан-Түркия стратегиялық әріптестік және де ынтымақтастық екі ел арасындағы қарым-қатынастарының өркендеуіне маңызды үлес қосуда.

Жаңалықтар