Қазақстан туристер үшін Байқоңыр ғарыш айлағына кіруді жеңілдеткісі келеді

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және ғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Байқоңыр ғарыш базасына барғысы келетін туристер үшін кіру рәсімін жеңілдетуді ұсынды.

11 Ağustos 2022 11:59

Министр Мусин Қазақстанның оңтүстігіндегі Байқоңыр ғарыш базасында тексеру жүргізді.

Сапар барысында Ресей Федералды ғарыш агенттігінің Роскосмос басшысы Юрий Борисовпен кездескен Мусин жаңадан тағайындалған Борисовқа сәттілік тіледі.

Тараптар ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін заңнамалық базаны дамыту, "Союз-5" ғарыш кемесін пайдалануға беру бағдарламасы, сондай-ақ Байқоңыр ғарыш базасын туризмге тарту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында қазақстандық министр Байқоңыр ғарыш базасына барғысы келетін туристер үшін кіру рәсімін жеңілдетуді, оны онлайн-ортаға көшіруді ұсынды.

Жаңалықтар