Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан тарапынан Украина үшін жиналған 28,2 тонна медициналық көмектің бір бөлігі елге жіберілді.

14 Mart 2022 14:15

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында басым бөлігі дәрі-дәрмектерден тұратын гуманитарлық көмектің бірінші бөлігі Алматы әуежайынан таңертең жіберілгені туралы мәлімденген.

Мәлімдемеде жалпы 17 медициналық дәрі түрінен тұратын және салмағы 28,2 тонна гуманитарлық көмектің Украинаға жеткізілетіні айтылған.

Украинаға Польша арқылы жіберілетін медициналық көмектің екінші бөлігі ертен жіберілетін болады.

 

 

Жаңалықтар