Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жібереді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі бойынша Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберіледі.

07 Mayıs 2021 00:34

Тоқаевтың ел халқының атынан бауырлас Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Тоқаев ел халқының атынан бауырлас Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 

Мәлімдемеде гуманитарлық көмек аясында Қырғызстанға бауырластық, достық және стратегиялық әріптестік қағидаттары аясында 10 мың тонна ұн жөнелтіліп, Қазақстан Үкіметі аталған көмек көрсету бойынша жұмысқа кірісетіні айтылған.

Тоқаев 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыстан кейін өзінің қырғыз әріптесі Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін білдірген.

Жаңалықтар