10

Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің 10-шы отырысы өтті

2021 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің Қырғызстанмен өзара сауда көлемі 35% - ға өсіп, 1 млрд АҚШ долларын құрады.

30 Nisan 2022 15:09

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов және Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Бішкек қаласында өткен қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 10-шы отырысының жұмысына қатысты.

Кеңес барысында сауда-экономикалық және су-энергетикалық сала, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Ақылбек Жапаров екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың оң динамикасын атап өтті.

Қырғызстанның Министрлер кабинетінің басшысы алдағы уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары күтіліп отырғанын және үкіметаралық кеңестің 10-шы отырысы елдер арасындағы барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынын мәлімдеді.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Смайылов екіжақты тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу жөніндегі мақсатка қол жеткізілгенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Жаңалықтар