Қазақстан және Түркия елдерінің іскерлік қарым-қатынастары күн сайын дамып келеді

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы: Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастар күн сайын дамып келеді.

17 Mayıs 2021 01:42

"Қазақстанның өнеркәсіптік инвестициялар саласында Түркия үздік 3 инвесторлардың бірі болып табылады"

Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті  елшісі Абзал Сапарбекұлы тілшілерге жасаған мәлімдемесінде Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуды қалайтындарын атап өтті.

"Қазақстан бұрынғы Совет кеңестік жағрапиядағы және Орта Азиядағы ең көп инвестиция жасалынған елдердің бірі болып табылады.  Қазақстан арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа, яғни  200 миллиондық нарыққа  шығуға болады. Орта Азияда 50 миллион нарық бар және де Қытай нарығы бар". - деді Сапарбекұлы. Елші, Қазақстанның әлемдегі ең үздік 25 инвестициялық елдің болғанын да атап өтті.

Сапарбекұлы, Қазақстанда 3 мыңға жуық түрік компаниясы жұмыс істейтінін, соңғы жыл коронавирус өршуіне қарамастан, бұл сан 20 пайызға өскенін айтты.

"Қазақстан және Түркия елдерінің іскерлік қарым-қатынастары күн сайын дамып келеді. Пандемияға қарамастан, сауда-саттықта тек 5 пайыздық төмендеу байқалды. Сонымен қатар Қазақстандағы сауданың жалпы көлем кестесінде Түркия 7-ші орыннан 6-шы орынға көтерілді. Елдеріміздің экономика саласындағы қарым-қатынасымыз халықтарымыздың бауырластық рухында дами береді деп үміттенемін."- деді Сапарбекұлы.

Жаңалықтар