Қазақстан және Өзбекстан шекарасында "Орта Азия" атты халықаралық экономикалық орталық ашылады

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин және Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов екі елдің ортақ халықаралық экономикалық орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты

10 Nisan 2021 16:32

Қазақстан Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Асқар Мамин өзбек әріптесі Абдулла Ариповпен екі елдің шекарасында кездесті.

Екіжақты және делегациялар арасы келіссөздер аясында кездескен екі премьер-министр Қазақстан және Өзбекстан арасындағы инвестициялар, сауда, ауыл шаруашылығы, транзит, туризм, ғарыш, өнеркәсіп, ортақ су ресурстарын пайдалану және т.б. салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Келіссөздер барысында Түркістан қаласы мен Өзбекстанның астанасы Ташкентті байланыстыратын "Түркістан-Шымкент-Ташкент" бағыты бойынша жүрдек теміржол желісін салу процесі қолға алынды..

Мамин мен Арипов кейіннен Қазақстан-Өзбекстан шекарасында пайдалануға берілетін "Орта Азия" халықаралық сауда-экономикалық орталығының құрылыс жұмыстарының жоспарлары туралы сөйлесті.

"Екі елдің арасындағы сауда көлемі 10 миллиард долларға дейін арттырылады"

Іргетасын қалау рәсімінде сөйлеген сөзінде Мамин: "Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда көлемін 10 миллиард долларға дейін арттыруға ұмтылуда. "Орта Азия" экономикалық орталық жобасы бұл мақсатымызға қол жеткізуге және екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызмет ететін болады."- деді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері теміржол көлігін дамыту жөніндегі "Орта Азия" халықаралық сауда-экономикалық орталығының қызметімен бірлескен іс-қимыл жоспарының хаттамаларына қол қойды. 

Жоспарланған халықаралық сауда-экономикалық орталығы Қазақстан мен Өзбекстанның шекара маңы аймағында 400 гектар алаңда салынады және күніне 35 мың жолаушысы мен 5 мыңға дейін жүкті көліктерді қабылдауға қабілетті болады.

Айта кетейік, Қазақстан және Өзбекстан үшін "Орта Азия" жобасы ірі өнеркәсіптік, сауда және логистикалық платформасы болуға арналған.

Жаңалықтар