Қазақстан жалпы халық санағына дайындалуда

Қазақстанда осы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында өтетін жалпы халық санағына дайындық жүргізілуде.

25 Ağustos 2021 05:40

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Министрлер кабинетінің отырысында сөйдеген сөзінде елдегі соңғы халық санағының 2009 жылы өткізілгенін еске салды.

Мамин: "Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында жалпы халық санағын өткізу туралы шешім қабылданды,"- деп мәлімдеді.

Жалпы санақтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін маңызы зор екенін атап өткен Мамин, санақ барысында 32 мың азамат уақытша жұмыспен қамтылатынын хабарлады.

Қазақстан Ұлттық статистика басқармасының басшысы Нұрболат Айдапкелов санақ кезінде электронды және дәстүрлі әдістер қолданылатынын мәлім етті.

Жаңалықтар