1

Қазақстанда 1 наурыз - Алғыс айту күні.

Алғыс айту күні - қазақ халқының мейірімділігін, жанашырлығын және бірлігін сипаттайтын мереке. Сталиннің тоталитарлық режимі кезінде Қазақстанға қуылған этникалық топтарға құшағын жайып қарсалған қазақ халқына өз ризашылықтарын білдіретін күн ретінде атап өтіледі.

02 Mart 2021 09:35

Биыл Алғыс айту күні эпидемияға байланысты онлайн іс-шаралармен атап өтіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Алғыс айту күні - қазақ халқының мейірімділігін, жанашырлығын және бірлігін сипаттайтын мереке екенін ескертті.

ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев, алғыс айту күні халықтың мызғымас бірлігінің нышаны болғанын атап өтіп: "Қазақ жерінде бейбітшілікпен келісімді нығайтатын отандастарымыз елдің дамуына баға жетпес үлес қосады."- деді.

Қазақстанның Анкарадағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, XIX  және XX  ғасырлар бойы 6 миллионға жуық адам түрлі себептермен Қазақстанға келгенін еске сала отырып: "Бір жағынан саяси қысымға, екінші жағынан, аштық пен кедейлікке ұшырауға мәжбүр болған қазақ халқы өздерінің қиындықтарына қарамастан, Ұлы даланың қасиетті жеріне түрлі жағдайларда пана тапқан көптеген этникалық топтарға қолын созды, оларды өзінің дастарханында жинады."- деді.

Сапарбекұлы қазақ халқының тоталитарлық режимге қарсы адамзаттың ең жақсы үлгісін көрсеткенін атап өтіп: "Ясауимен Абайдың ілімдері аясында қазақтар өз қонақтарына әрқашан көмектескен. Осылайша, Қазақстан жүздеген этникалық топтардың қасиетті ұясына және отанына айналды."- деп айтты.


Сапарбекұлы Қазақстанның этникалық және діни топтарына толеранттылық қатынасына негізделген саясат жүргізіп отырғанын мәлімдеді. "Қазақ халқының қонақжайлылығы мен шыдамдылығын атап өту мақсатында 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде 1 наурызды "Алғыс айту күні" деп жариялады. Осылайша, жыл сайын бұл күні Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтардың бір-біріне және қиын жағдайда оларды қолдаған қазақ халқына алғыс айту күні ретінде атап өтіледі."- деді Елші.

Anahtar Kelimeler: 1 наурыз, Алғыс айту күні, Нұрсұлтан Назарбаев, Абзал Сапарбекұлы, Ясауи,

Жаңалықтар