2020

Қазақстанда 2020 жылы жаңа туған нәрестелердің саны бойынша рекорд жаңартылды

Былтыр Қазақстанда 425 мың 600 нәресте дүниеге келді, осылайша жаңа рекорд орнатылды.

01 Mart 2021 23:26

Ұлттық статистика басқармасы өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлар арасындағы елдегі жаңа туған нәрестелердің саны туралы хабарлады.

Тиісінше, 2020 жылы Қазақстанда 425 мың 600 сәби дүниеге келді, соңғы рет елімізде 1987 жылы (417 мың) рекорд орнатылған еді.

Өткен жылы Қазақстанда жаңа туған нәрестелер саны өткен жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға (22,6 мың) өсті.

Аталған кезеңде туылған сәбилердің 58,4% (248,7 мың) қалаларда және 41,6% (176,9 мың) ауылдық жерлерде тіркелген.

Жаңалықтар