3

Қазақстанда қаңтар айындағы оқиғалар бойынша 3 мыңнан астам қылмыстық іс тергелуде

Қазақстанда қаңтар айында болған оқиғалар салдарынан 3 мың 24 қылмыстық іс тергелуде.

14 Şubat 2022 11:11

Прокуратура органдарының мәліметі бойынша 779 адам қамауда отыр.

Олардың арасында ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар. 113 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық және қарақшылық әрекеттері үшін бұрын сотталған.

Ұсталғандардың тұлғалары анықталған соң, сондай-ақ денсаулық жағдайларына байланысты және басқа да материалдар бойынша 109 азаматтың қамауға алу жазасы кетіп қалмау жөніндегі қолхатпен және жеке кепілдік берумен алмастырылған.

Прокурорлар азаматтардың тәртіпсіздікке қатысы бар екені дәлелденбегенін негізге ала отырып, тағы да 103 адамды босатқан. 

Жаңалықтар