Қазақстанда АстраЗенека екпесіне байланысты мәлімдеме жасалды

Қазақстан үкіметі коронавирустың жаңа түріне (Ковид-19) қарсы әзірленген АстраЗенека екпесінің жанама әсерлердің пайда болуына байланысты екпені жеткізу туралы келіссөздерді тоқтатты.

17 Mart 2021 19:29

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және дәрі-дәрмек бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков елдегі екпе процестерінің қазіргі жағдайы туралы тілшілерге сөз сөйледі.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі АстраЗенека екпесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан Асылбеков: "Көптеген елдер аталған вакцинаны қолдануды тоқтатты, сақ болу үшін, біз қазіргі уақытта бұл вакцинаны елге жеткізуге қызығушылық танытпаймыз."- деді.

Айта кетейік, бірқатар елдер, соның ішінде Германия, Франция, Италия және Испания жанама әсерлеріне байланысты АстраЗенека екпесіні қолдануды тоқтатты.

Anahtar Kelimeler: АстраЗенека,

Жаңалықтар