Қазақстанда "Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мейрамы" атап өтілді

Мерекенің 102 жылдығына орай, кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Түркияның елшілігінде арнайы іс-шара өтті.

21 Mayıs 2021 00:54

Түркияның Елшісі Уфук Экиджинің бастауымен ұйымдастырылған ресми салтанатқа Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілі Якуп Берис, сондай-ақ дипломаттар, түрік мекемелерінің өкілдері мен университет студенттері қатысты.

Рәсім Мұстафа Кемал Ататүрік пен оның қару серіктерінің құрметіне жарияланған үнсіздік пен ұлттық әнұранның айтылуымен басталды.

Экиджи, Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің Ыстанбұлдан Самсунға сапарын бастамастан бұрын, яғни 1919 жылы 19 мамырда соғыс кемесінің басқыншы күштердің бақылауында болғанын және қару табылмағанын  еске салды: "Мұстафа Кемал Ататүріктің бұл азаттық жолындағы ең үлкен қаруы сенім болған", - деді.

Сонымен қатар, Елші бұл мерекенің рухани құндылығының мәнін жас ұрпаққа жеткізу өте маңызды екенін ескертіп, қазақ-түрік жастарының бауырластығы жалғасып, өркендеугенін тіледі.

Мереке Юнус Эмре түрік мәдени орталығында кеше атап өтілді.





 

Жаңалықтар