Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге толық тыйым салуды көздейтін заң мақұлданды.

Жаңа заңға сәйкес, осыдан кейін ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер шетелдіктерге, шетелдік акциялары бар жергілікті компанияларға, халықаралық зерттеу орталықтарына, сондай-ақ Отанына оралған, бірақ әлі күнге дейін елдің азаматтығын алмаған этникалық казактарға сатылмайды және жалға берілмейді.

13 Mayıs 2021 15:16

Президенттік баспасөз қызметінің жасаған мәлімдемесіне сәйкес, Тоқаевтың қол қойған заңда ауылшаруашылық жерлерді шетелдіктердің сатып алуына немесе жалға берілуіне ресми түрде тыйым салынды.

Жаңа заңға сәйкес, осыдан кейін ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер шетелдіктерге, шетелдік акциялары бар жергілікті компанияларға, халықаралық зерттеу орталықтарына, сондай-ақ Отанына оралған, бірақ әлі күнге дейін елдің азаматтығын алмаған этникалық казактарға сатылмайды және жалға берілмейді. Шетелдік азаматтар мен жерді пайдаланып жатқан шетелдік компаниялардың жерді жалға алу келісім-шарттарының мерзімі ұзартылмайтын болады.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің жариялаған соңғы баяндамасына сәйкес, қазіргі уақытта елімізде шетелдіктер тарапынан жалпы алғанда 93 мың гектар жер жалға алынған.

Айта кетейік, 2016 жылы жер туралы енгізулі жатқан жаңа заңға қарсы бүкіл Қазақстан бойынша халық тарапынан наразылық білдірілді. Елдің әр аймағында болған митингтердің нәтижесінде 2021 жылдың желтоқсанына дейін шетелдіктерге жер сату немесе жалға беру туралы заңның нормаларына мораторий енгізілген еді.

2021 жылдың 12 наурызында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, жер мәселесі бойынша жаңа заң жобаны ұсынды.

2021 жылдың 14 сәуірінде Тоқаевтың Парламентке ұсынған шетелдіктерге ауылшаруашылық жерлерін сатуға және жалға беруге толық тыйым салуды көздейтін заң жобасы мақұлданды.

Жаңалықтар