Қазақстанда бүркіттермен аң аулау дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді

12 жасар Ерасыл Серікбекұлы атасынан мұраға қалған бүркітті аулауға дайындалуда.

27 Mart 2021 23:41

Нұр-Сұлтан қаласынан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан Софиевка ауылында тұратын Ерасыл Серікбекұлы, 8 жасынан бастап әкесінен бүркітпен аң аулауды үйренеді. Небәрі 12 жастағы Ерасыл отбасылық істің мұрагері, сондықтан мектептен кейін ат үстінде бүркітпен аң аулау техникасы бойынша сабақ алады.

Ерасылдың айтуынша, бірінші кезеңде аң аулауды үйрену үшін кішкентай құстар таңдалады, себебі балаларға бүркіттің салмағы ауыр болып келеді. 

Ерасыл өзінің "Чипок" деп атаған сұңқарымен уақыт өткізгенді ұнатады: "Ол күніне бір рет тамақтанады. Мен оны әр күн таңертең тамақтандырамын, құсым дауысымды біледі. Бұл аң аулау кезінде өте маңызды" - дейді жас аңшы.

Бүгінгі күнге дейін сұңқарымен бірге көптеген көгершіндер мен қояндарды аулағанын айта келе, Ерасыл келесі айда өтетін турнирге дайындалып жатқанын хабарлады. 

"Мен болашақта ұлы аңшы болғым келеді"- деп жалғастырды Ерасыл.

Кішкентай аңшының әкесі Серікбек Күнтұғанұлы өзі де бүркітпен аң аулауды әкесінен уйренген. Серікбек мырза, бүркітпен аң аулаудың қазақтың ежелгі кәсібі болғанын атап өтіп, қазіргі жаһандық шарттарда бұл кәсіптің жоғалмауы үшін бұл өнерді ұлына уйреткісі келгенін айтады. 

Түркі халықтарының ежелгі аңшылық техникасы - бүркітпен аң аулау Қазақстанда ұлттық спорт түрлерінің тізіміне кіреді. 

Anahtar Kelimeler: Қазақстан, аңшылық,

Жаңалықтар