Қазақстанда бетперде кию талабы толығымен алынып тасталды

Бұл туралы ҚР Денсаулық министрлігі мәлімдеді.

24 Mart 2022 22:20

Елімізде вирус оқиғалардың азаюына байланысты сақтық шаралар жеңілдетілді.

Коронавирусты алдын алу жөніндегі арнайы комиссия бетперде кию талабы алынып тасталғаны туралы хабарлады. Ауруханалар мен медициналық орталықтарда қызметкерлер үшін де, келушілер үшін де бетперде режимі жалғасады.

Жоғары оқу орындары мен мектептер бетпе-бет оқу жүйесіне оралады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте еліміздің 5 аймағында 12 адам вирус жұқтырды.

Жалпы алғанда Қазақстанда осы күнге дейін 1 миллион 304 вирус оқиғасы тіркелді.

Жаңалықтар