107

Қазақстанда Чанаккале Теңіз Жеңісінің 107-ші жылдығы атап өтілді

Еліміздің бас қаласында Түркияның Чанаккале Теңіз Жеңісінің 107-ші жылдығы салтанатты түрде атап өтілді.

20 Mart 2022 12:07

Еуразия ұлттық университетінің білім беру жөніндегі кеңесшілігі тарапынан ұйымдастыруымен өткен іс-шараға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері, Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің дипломаттары, сондай-ақ көптеген студенттер қатысты.

Ректор орынбасары проф. доктор Дархан Қамзабекұлы салтанатта сөз сөйлеп, Чанаккале Теңіз Жеңісін тарихи сабақ деп санау керектігін атап өтті және жастардың бұл туралы, әсіресе осындай іс-шаралар кезінде көбірек хабардар болуы маңызды екенін айтты.

Түркияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Турхан Дилмач Чанаккаледегі соғыстың өте маңызды тарихи салдары болғанын атап өтті.

Дилмач Чанаккаледегі Жеңістің ерекше элементі түрік ұлтының ұлттық санамен әрекет еткендігі екенін атап өтті.

"Сондықтан, 100 жылдан астам уақыттың өткеніне қарамастан, біз бұл соғысты әлі де есімізде сақтаймыз." - деді ол.

Рәсім барысында студенттер Чанаккале мен Мехмет Акиф Ерсой туралы өлеңдер оқып, презентациялар жасады.

Жаңалықтар