Қазақстанда ерте темір дәуіріне тиесілі салтанатты қылыш табылды

Ақтөбе әкімшілігінің мәлімдемесіне сәйкес бір ай бұрын Мұғалжар аймағында темір дәуірі кезеңінен қалған зираттарда археологиялық қазбалар басталған.

05 Ağustos 2021 11:40

Археологиялық қазба жұмыстарына Қазақстанның әйгілі археологтары мен тарихшылары қатысуда, деп мәлім етілді.

Қазба барысында ерте темір дәуірі заманына тиесілі алтынмен қапталған салтанатты қылыш пен тастан жасалған құрбандық шалынатын орын, сонымен қатар қола айналар, алтын шашбаулар және тағы да басқа ескерткіштер табылды.

Аталған ескерткіштер б.з.д. 6.-5. ғасырлаға тиесілі деп ойланылуда.

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинның айтуынша аймақтың тарихы мен мәдениеті тұрғысынан маңызды болып табылатын қазба жұмыстарының жалғасуына қажетті қолдау көрсетілетін болады.

Жаңалықтар