qazvac-26

Қазақстанда коронавирусқа қарсы QazVac отандық екпесі 26-шы сәуірден бастап қолданылады

CОVID-19-ға қарсы QazVac екпесінің алғашқы 50 мың дозасы жөнелтілді деп мәлімденді.

22 Nisan 2021 18:19

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсының мәлімдемесіне сәйкес, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясы жөнелтілді.

"Қазақстандық вакцинаның жасалуы біздің еліміздің коронавирус инфекциясына қарсы өз вакциналарын әзірлеген әлемнің бес елінің қатарына енуіне мүмкіндік берді. Бұл тек халықтың денсаулығына ғана қатысты мәселе емес, сондай-ақ отандық ғылымның әлеуеті мен биофармацевтикада заманауи технологияларды іс жүзінде қолданудың, мемлекеттің беделінің дәлелі", - деді Ералы Тоғжанов.

«QazVac» вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» хабтарына таратылып, одан әрі еліміздің барлық өңірлеріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізілетін болады. Биыл 26 сәуірде халықты «QazVac» вакцинасымен вакцинациялау басталады.

Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енгізілген. Оның толық қауіпсіздігі дәлелденді, вакцина коронавирус инфекциясына қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастырады. Инактивтендірілген вакцинаның артықшылығы, ол вакцинамен байланысты ауруларды тудырмайды. Бұдан басқа, «QazVac» вакцинасын жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларын талап етпейді, олар тоңазытқышта +2-8 градус температурада тасымалданады.

 

Anahtar Kelimeler: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы,

Жаңалықтар