Қазақстанда коронавирус оқиғалардың саны төмендеуде

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, соңғы 1 айда коронавирус оқиғалардың саны 20%-ға азайған.

25 Mayıs 2021 14:55

Қазақстанның Министрлер Кабинеті бұл аптада елдің эпидемиологиялық жағдайы тақырыбы бойынша жиналды.

Ресми отырыста ҚР Денсаулық министрі Алексей Цой баяндама жасады. Берілген мәліметтерге сәйкес Қазақстанда өткен айда коронавирус оқиғалардың жалпы саны 20%-ға төмендеген. Сондай-ақ, өткен аптада вирус жұқтырғандардың саны 4000 мыңға азайған.

Сонымен қатар министр, ауруханаларда ем қабылдаған вирус науқастарының санын төмендегенін хабарлады.

"Елдің 20%-ына КВИ-ға қарсы екпе салынды"

Цой мәлімдемесінде: "1 ақпаннан бастап Ковид-19 вакцинасының алғашқы дозасын жасағандардың саны 2 миллионнан асты, ал екінші дозасыны да салдырған азаматтардың саны 950 мыңға жетті. Осылайша, ел халқының 20 пайызына вакцинаның алғашқы дозасы енгізілді." - деп айтты.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте Ковид-19 оқиғасының саны 1558 адамға артып, жалпы алғанда 376 мың 572 болып тіркелді. Елдегі күнделікті жағдайлардың ең көп саны Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында анықталған.

Anahtar Kelimeler: КВИ, Қазақстан, Денсаулық сақтау министрлігі, Цой,

Жаңалықтар