19

Қазақстанда Ковид-19-ға қарсы шектеулер шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында алынып тасталды

Қазақстанда "Ковид-19" - ға қарсы енгізілген кейбір шектеулер шағын және орта кәсіпорындарды қолдау мақсатында алынып тасталды.

26 Ocak 2022 01:02

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният Министрлер Кабинетінің апта сайынғы отырысында елімізде коронавирусқа қарсы толық екпе алған адамдардың саны 9 миллионнан асқанын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша шағын және орта кәсіпорындардың жұмысын қолдау мақсатында коронавирус індетіне қарсы енгізілген кейбір шектеулердің алынып тасталғанын атап өткен Гиният:

"Ковид-19 эпидемиясынан бері алғаш рет елімізде жеке секторда карантиндік шаралар жеңілдетілді. Бұл кәсіпорындарға  қосымша жауапкершілік жүктейді. Ауруханаларға жатқызылған науқастардың саны көбейетін жағдайда қосымша шектеулер енгізіледі," - деп жалғастырды.

Өткен тәулікте Қазақстанда 9 мың 16 адам вирус жұқтырды. Елімізде вирусқа шалдыққан адамдардың жалпы саны 1 миллион 166 мыңға жетті. Қазақстанда тіркелген вирус оқиғалардың көбісі Нұр-Сұлтан мен Алматыда анықталуда.

Жаңалықтар