Қазақстанда "Ұлы даланың жазбаша мұрасы" көрмесі ашылды

32 сирек қолжазба қойылған "Ұлы даланың жазбаша мұрасы" көрмесі бір ай бойынша ашық болады.

15 Nisan 2022 21:02

Нұр-Сұлтан қаласында ежелгі түркі тілдерінде жазылған жазбалардың көрмесі ашылды.

32 сирек қолжазба қойылған көрменің аты "Ұлы даланың жазбаша мұрасы"

Көрменің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Ұлттық мұражай басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан сияқты елдержің дипломатиялық миссияларының өкілдері, ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Министр Абаев сөйлеген сөзінде, аталған көрменің еліміздің тарихын терең тамырымен қайта құру тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

"Бір кездері біздің тарихымыз осы жазбалармен жазылған"

Қазақстанның "Сирек кездесетін қолжазбалары мен кітаптары" ұлттық орталығының сарапшысы Алмат Әбсадықов көрмеге орталық мұрағатындағы қолжазбалардың құнды үлгілері әкелінгенін айтты.

Әбсадықов көрмеде ежелгі түркі жазбалары, араб әліпбиіне бейімделген қазақ жазбалары мен ежелгі парсы және араб қолжазбалары орын алатынын айта келе: "Әрбір мәдениеттің негізі жазу болып табылады. Бір кездері біздің тарихымыз осы жазулармен жазылған" - деді.

"Ұлы даланың жазбаша мұрасы" атты көрмеде 32 сирек кездесетін қолжазбалар, соның ішінде көне түркі жазба тілдерінен бірі Шағатайша қолжазбалар да ұсынылған.

Бір айға жуық ашық болатын көрмеде келушілерге сирек кездесетін қолжазбаларды реконструкциялау жұмыстары ұсынылады.

Жаңалықтар