c

Қазақстанда мыңға жуық Cақ кезеңінің артефактілері табылды

Қазақстанның Алматы облысында б.д.д. V ғасырдың мыңға жуық артефактілері табылды. Қазақстанның Ұлттық мұражайына қойылған жәдігерлер Сақ дәуіріне жарық түсіреді.

02 Nisan 2021 23:28

Қазақстанның Алматы облысындағы Сақ кезеңінің Қатартөбе зиратынан мыңға жуық артефакт табылды. Олар Нұр-сұлтан қаласында, Ұлттық мұражайының көрмесінде көрсетілуде.

Көрсетілуде болған заттардың арасында алтын сырғалар, әшекейлер, қола айналар, темір пышақтар мен жебенің сүйекті ұштары бар.

Ең жарқын туындылардың бірі- Сақ кезеңінің атақты өкілінің бюсті. Артефактілер Қазақстан Ұлттық мұражайы мен Кореяның ұлттық зерттеу институты жүргізген археологиялық зерттеулер кезінде табылған.

Қазақстан Ұлттық мұражайының директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Қатартөбе зиратында 3 жыл бойы археологиялық зерттеулер жүргізілгенін хабарлады. "Біз сондай-ақ Сақ кезеңінің алтын өндірілген жерлерді зерттеу мәселесін талқылаймыз. "Аң" стилінде жасалған алтын артефактілер, қыш құмыралар, қылыштар мен найзалардың сапалы жасалғанын білеміз. Бірақ біз олардың қайда жасалғанын білмейміз. Сонымен қатар, "Алтын адамның" жанында табылған шығармаларда ежелгі түркі жазбалары бар. Олар міндетті түрде зерттелену керек" - деді мұражайдың директоры.

Археолог Архат Қайырмағамбетов археологиялық зерттеулер барысында табылған қаңқада жүргізген антропологиялық зерттеулер туралы айтып берді: "Табылған қаңқаның бет әлпеті сәл моңғол, сәл еуропалық болып шықты. Тағы бір қызықты мәліметтер бар: сол кезеңде өмір сүрген адамдар негізінен ет, сүт және аз мөлшерде бидаймен қоректенетіні анықталды. Ер адамның бюсті қаңқа мен бас сүйегінің антропологиялық зерттеулерінің нәтижесінде жасалды".

Табылған барлық тарихи жәдігерлер Қазақстан Ұлттық мұражайының қорына берілді.

Алматы облысындағы Сақ кезеңіндегі ежелгі зираттар кездейсоқ мектеп оқушылар тарапынан 1988 жылы табылған.

Anahtar Kelimeler: Сақ дәуірі, Алматы, Қазақстан, Қазақ тарихы, Ұлттық мұражай,

Жаңалықтар