Қазақстанда Ораза Айт қалай атап өтілуде?

Айт намазын оқуға келген адамдар мешіттерді толтырды

13 Mayıs 2021 15:34

Биыл Қазақстанда коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) өршуіне байланысты мерекелік намазды тек ғана мешіттердің аулаларында оқуға рұқсат берілді. 

Нұр-Сұлтанда жүздеген мұсылман суық ауа райына қарамастан, елдің ең үлкен мешітінде (Әзірет Сұлтан) жиналды.

Алдымен Қазақстанның Бас имамы Наурызбай Тағанұлының уағызын тыңдаған азаматтар, әлеуметтік қашықтық пен бетперде ережесіне сәйкес мешіт ауласында Ораза Айт намазын оқыды, ал аулада орын таппаған азаматтар мешіттің айналасында намаз оқыды.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза Айт мерекесіне орай құттықтау жолдауын жариялады:

"Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды. Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді. Ораза айт әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейді, жұртты жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдырады. Сол арқылы халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттырады. Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік!Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақ шуаққа бөленіп, қуанышқа кенелсін! Ораза айт құтты болсын!" - деп айтты ҚР президенті. 

Жаңалықтар