Қазақстанда қосылған құны жоғары уран өнімі өндірілетін болады

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Қазақстанда табиғи уранды өндірумен және жеткізумен қатар, сапалы өңделген, қосылған құны жоғары уран өнімін шығаруға ұмтылғандарын хабарлады

17 Mart 2021 11:16

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен министрлер кабинетінің апта сайынғы отырысында Қазақстанның уран секторын бағалады.

Министр, Қазақстанда уран өндіру көлемі 1997 жылғы 796 тоннадан 2020 жылғы 19,5 мың тоннаға дейін 24 есеге артқанын атап өтіп, 2009 жылдан бастап өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша Қазақстан әлемде бірінші орында болғанын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда Қазақстан табиғи уранды өндірумен және жеткізумен қатар, сапалы өңделген, қосылған құны жоғары уран өнімін шығаруға және өткізуге де мақсат қойған, осы мақсатта ядролық-отын циклінің тігінен интеграцияланған кешенін құру көзделеді" - деді Нұрлан Ноғаев.

Anahtar Kelimeler: Қазақстан, Уран өндірілімі, Асқар Мамин, Нұрлан Ноғаев,

Жаңалықтар