qazvak

Қазақстанда отандық QazVak екпесі қолданылуға басталды

Қазақстанның ғалымдары шығарған коронавирусқа қарсы екпесі бірінші кезекте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға салынды.

26 Nisan 2021 14:53

Министрге екпенің бірінші дозасы Нұр-Сұлтандағы 9-шы поликлиникада салынды деп хабарланды.

Цой, екпе салынғаннан кейін өзін жақсы сезінгенін білдірді. Бүгіннен бастап Қазақстанда отандық екпемен жаппай вакцинация жұмыстары басталады.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі бірінші этапта екпенің 50 мың дозасы аймақ бойынша таратылғанын атап өтті.

Айта кетейік, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясы 50 мың доза мөлшерімен жөнелтілді.

Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енгізілген. Оның толық қауіпсіздігі дәлелденді, вакцина коронавирус инфекциясына қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастырады. Инактивтендірілген вакцинаның артықшылығы, ол вакцинамен байланысты ауруларды тудырмайды. Бұдан басқа, «QazVac» вакцинасын жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларын талап етпейді, олар тоңазытқышта +2-8 градус температурада тасымалданады.
 

Anahtar Kelimeler: QazVak,

Жаңалықтар