Қазақстанда Құрбан Айт аталуда

Елімізде Құрбан Айттың құрметіне бірқатар іс-шара өткізілуде.

10 Temmuz 2022 01:49

Елорда Нұр-Сұлтанда мыңдаған адам мерекелі Айт намазы үшін Әзірет Сұлтан мешітінде жиналды.

Намаздан кейін бір-бірін Құрбан Айт мерекесімен құттықтаған азаматтар мешіт ауласында өткізілген дәстүрлі спорттық жарыстарға қатысты.

Ақ шатырда орнатылған мерекелік үстелде дәстүрлі қазақ тағамдары да ұсынылады. Сондай-ақ, мұқтаж отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды.

Қазақстанның Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан Айт мерекесінің жанашырлық пен мейірімділік белгісі екенін айта келе, ренжіскендерді татуласуға, ал жағдайы бар адамдардың мұқтаж отбасыларға көмек беруге шақырды.

Тағанұлы сонымен қатар екі жылдық үзілістен кейін қажылық ғибадаттарын жасайтын мұсылмандарды құттықтап, 4 мың қазақстандық қажы үміткерлерінің дұғаларының қабылдануын тіледі.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерекеге байланысты жарияланған жолдауында Құрбан Айттың рухани құндылықтарды, қоғамдағы үйлесімділік пен тұрақтылықты нығайтудағы ерекше рөлін атап өтіп: "Осы берекелі күні барлық дұғаларымыз қабыл болсын."- деді.

Жаңалықтар