Қазақстанда референдум аяқталды

Қазақстанда конституциялық референдум өтті. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметтері бойынша референдумда 8 миллионға жуық адам дауыс берді.

05 Haziran 2022 23:51

Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум аяқталды.

Қазақстанның 12 өңірінде 8 мың 89 сайлау учаскесі қызмет берді. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметтері бойынша референдумда 8 миллионға жуық адам дауыс берді.

Елорда Нұр-Сұлтанда референдумда дауыс беру қарқынды болды.

Шетелдегі азаматтар да елшіліктер мен консулдықтарда дауыс беру құқығына ие болды.

Жаңалықтар