Қазақстанда шетелдік студенттер және бөтен елдерден келген жұмысшылар коронавирусқа қарсы екпе сала алады

Үкімет, 3 айдан астам Қазақстандың оқу орындарында білім алған студенттерге және бөтен елдерден келген жұмысшыларға тегін екпе салынады, деп мәлімдеді.

30 Nisan 2021 15:39

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жасаған мәлімдемесінде, ведомствоаралық комиссияның Ковид-19-ға қарсы екпемен қамтылған әлеуметтік топтардың тізімін жаңартылғанын хабарлады.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстанда тұруға рұқсаты бар шетелдіктер ғана Ковид-19-ға қарсы вакцинасын сала алатын, жаңа заңға сәйкес елімізде 3 айдан астам уақыт тұратын шетелдік студенттер мен мигранттарға  да вирусқа қарсы екпе тегін салынатын болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 1 миллионнан астам адамға коронавирусқа қарсы екпе салынды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес соңғы тәулікте Қазақстанда 2 мың 853 жаңа вирус оқиғасы тіркелді. Ал, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 319 мың 818-ге дейін көтерілді. Індеттен сауығып кеткендердің саны 273 мың 915-ке дейін жетті. Эпидемия бойынша вирустан опат болғандардың саны 3 мың 668 болып тіркелді.

Тәулік сайын ең көп вирус оқиғасы елорда мен Алматы қаласында тіркелуде.

 

Жаңалықтар