Қазақстанда шетелдіктерге жер сатуға заңмен тыйым салынады

"Жер мемлекетіміздің тәуелсіздік нышаны" - деген Қасым Жомарт Тоқаев, елдегі ауыл шаруашылығына арналған жерді шетелдіктер тарапынан сатып алуына және жалға берілуіне тыйым салатын заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

25 Şubat 2021 12:04

Билік пен халық арасындағы диалогты жақсарту мақсатымен 2019 жылы құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, Президент Тоқаевтың төрағалығымен 5-ші рет жиналды.

Тоқаев бұл жиналыста айтқан сөзінде елдегі жерді шетелдіктерге сату туралы қауесеттердің тоқтатілуі керек болғанын атап өтті.

"Жер мемлекеттің тәуелсіздік нышаны" - деген Қасым Жомарт Тоқаев, елдегі ауыл шаруашылығына арналған жерді шетелдіктер тарапынан сатып алуына және жалға берілуіне тыйым салатын заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

Қасым Жомарт Тоқаев: "Біздің халқымыз үшін жер мәселесі өте маңызды. Мен біздің жеріміз шетелдіктерге сатылмайды деп атап өткен едім. Енді бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылданды. Елдегі ауыл шаруашылығына арналған жер шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатылмайды және жалға берілмейді. Бұл тыйым шетелдік акцияларға ие заңды тұлғаларға да қолданылады."

2016 жылы Қазақстанда "Жер сатылмайды" деп аталатын көптеген протесттер өтті. Бұл протесттердің нәтижесінде елде шетелдіктерге жерді жалға беруге туралы заңға мораторий енгізілді.

Жаңалықтар