Қазақстанда түрік тілін үйренгісі келетіндердің саны артуда

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Юнус Эмре атындағы мәдениет орталығының директордың орынбасары Алмагүл Исинаның айтуынша, коронавирустың өршуіне байланысты түрікше курстарына жазылған адамдардың саны биыл рекордқа жетті.

24 Mayıs 2021 14:38

2010 жылдан бері Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында қызмет беріп келе жатқан Юнус Эмре институтының орталығында түрік тілін үйренгісі келетіндер саны жыл сайын артып келеді.

Директордың орынбасары Алмагүл Исина елдегі түрік тіліне қарқынды сұраныстың себептері туралы айтты.

"Түрікше және қазақ тілінің шығу тегі бірдей, бұл үлкен артықшылық және бұл тілді тез әрі оңай үйренуге мүмкіндік береді. Түркияда оқығысы келетін жастардың көпшілігі, Түркия стипендия бағдарламасына өтініш беру үшін тіл үйренетін студенттердің саны тым көп, өйткені біздің орталықта түрік тілін оқып, стипендияны жеңіп алған студенттеріміз уақытты жоғалтпай тікелей университетке түсуге мүмкіндік алады", - деді Исина.

Елдегі түрік компаниялары Түркия мен Қазақстан арасындағы инвестициялық және сауда қатынастарының нығаюымен өсіп келеді, - деп жалғастырды Исина ханым.

"Мысалы, Қазақстан мен Түркия қорғаныс министрліктері арасында қол қойылған ынтымақтастық хаттамасына сәйкес, біздің орталық қазақстандық әскерлерге 2 семестр тегін бастауыш түрік курстарын өткізеді. Екі елдің әртүрлі ресми мекемелері мен баспасөз органдары арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюі түрік тілін де тартымды ететінін атап өткен директор орынбасары: "Түрік тілін үйренгісі келетін  баспасөз қызметкерлері үшін де екі семестр тегін түрікше курсы ашылды". - деп түйіндеді Исина.

Түрік тілі емтиханында топ-30-ға кірген студенттер Ыстамбұл немесе Анталия билетімен марапатталады.

Юнус Эмре институты Қазақстанның астанасы Нұрсұлтан қаласында өтетін түрік тілі білімі бойынша емтиханда топ-30-ға кірген студенттерді Ыстамбұл немесе Анталия билетімен марапаттайды.

Институттың мәлімдемесінде 2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтанда 4 мың 718 адам түрік тілін оқығаны ал осы айда басталатын онлайн-курстарға 8 мыңдан астам адам өтініш бергендігі айтылған.

Хабарламада 2021 жыл "Юнус Эмре және түрік жылы" жарияланғаны атап өтіліп, Қазақстанда түрік тілін үйренуге деген сұранысты қанағаттандыруға бағытталған курстар ашылғаны мәлімденді. Студенттердің түрік тілін көбінесе Түркиядағы университеттерде білім алу үшін, бизнес үшін, сондай-ақ Қазақстандағы мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігі үшін немесе түрік телехикаяларын аудармасыз көре алу ушін үйренгісі келгені ескертілді. 


Мәлімдемеде бұл секілді іс-шаралар екі елдің қарым-қатынасын дамытады делінген.

Жаңалықтар