Қазақстанда Түркияның "Егемендік пен Балалар күні" аталды

Еліміздің бас қаласында мерекеге байланысты арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

23 Nisan 2022 21:33

Нұр-Сұлтандағы Түркия елшілігінде өткен салтанатқа Түркияның Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи, Әзербайжанның Нұр-Сұлтандағы Өкілетті елшісі Агалар Атамогланов, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық ұйымдарының өкілдері, елшілік қызметкерлері мен шақырылған балалар қатысты.

Рәсім аясында балалар өлең оқып, музыкалық аспаптармен өнер көрсетті. Сонымен қатар, анимациялық топтың қойылымдарымен көңіл көтерген балаларға түрік тағамдары ұсынылды.

ТИКА-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы үйлестірушісі Хусейн Хүкмет: "Біз 300-ден астам сыйлық пакетін дайындадық. Олардың 60-тан астамын бүгін осында жиналған балаларға сыйға тарттық." - деді.

Жаңалықтар