Қазақстанда ТИКА тарапынан "Эренлер дастарханы" атында жәрдем беру бағдарламасы өткізілді

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің басшылығы (ТИКА) "Эренлер дастарханы" деп аталатын арнайы бағдарлама аясында 1200 адамға көмек көрсетеді.

28 Nisan 2021 02:08

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда ТИКА-ның "Эренлер дастарханы" Рамазан бағдарламасы аясында көмек тарату рәсімі өтті.

ТИКА-ның Нұр-Сұлтандағы ғимаратында өткен салтанатта жүздеген көмек пакеттері көліктерге жүктеліп, ондаған мұқтаж отбасыларға берілу үшін Түркістанға жіберілді.

Исмаил Гүрлек, ТИКА-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы директоры, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің студенттеріне де жәрдем пакеттері берілетінін хабарлады. Гурлек, қазіргі уақытта бұл университеттің шамамен 700 студенті жатақханада қалғанын атап өтті.

Сонымен қатар Гүрлек, 2021 жылдың Юнус Эмре және түрік тілі, Хаджи Бекташ Вели және де Ахи Эвран жылы болып жарияланғанын еске салып: "Жәрдем беру бағдарламасының арқасында түрік халқының жүрегінен бүкіл әлемге бейбітшілік пен бауырластықтың маңызын көрсететін хабарламасын жібердік", - деді.

Көмек пакеттері 25 килограмдан тұрады, ішінде күріш, ұн, май, тұз секілді азық-түлік өнімдері орын алуда. 

Жаңалықтар