Қазақстанда өткен ресми рәсімде Чанаккале шайқасының шейіттері және М.Акиф Ерсой кұрметпен еске алынды

Түркияның Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігінде "Чанаккале Теңіз Жеңісінің" 106-шы жылдығына орай және М.Акиф Ерсойдың кұрметіне ресми рәсім өткізілді

18 Mart 2021 16:45

Елордада Түркия Елшілігінің ғимаратында 18 Наурыз "Чанаккале Теңіз Соғысының" 106-жылдығына орай және Түркияның мемлекеттік әнұранының қабылдануы құрметіне ресми рәсім өткізілді. Шейіттердің құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Салтанатқа Түркияның Нұр-Сұлтан қаласындағы елшісі Уфук Экиджи, Елшілік қызметкерлері және де елордада орналасқан түрік мекемелерінің өкілдері қатысты.

Елші Экиджи рәсімде сөйлеген сөзінде, Чанаккале соғысының түрік тарихындағы ең маңызды шайқастардың бірі болғанын атап өтті. "Чанаккаледегі соғыс түріктер үшін қайта тірілудің символы болды."- деді елші.

Ол Чанаккаледегі шайқастың түрік ұлтына деген үміт пен сенімділікті бергенін атап өтіп: "Ұлы ақын айтқандай, жалауды жалау қылатын шейіттердің төгілген қаны. Отанымызды бізге тапсырған және еліміз үшін өз өмірлерін құрбан еткен барлық шейіттеріміз бен ардагерлерімізді ешқашан ұмытпаймыз." - деп жалғастырды Экиджи мырза.

Түркияның президенті Ердоғанның кішкентай Байжігітке арналған сыйлығы берілді

Түркияның елшісі Режеп Тайип Ердоғанның Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының ауылында тұратын 6 жасар Байжігіт Ерболатқа жіберген сыйлығын берді.

Қазақтың ұлттық ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа білетін кішкентай Байжігіт былтыр Ердоғанға видео арқылы Абайдың "Достық" атты өлеңін айтып, сыйға тартты.

Сонымен қатар мерекеге орай Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы Досым Мақсұтов Түркияның әнұранын домбырамен тартты, ал Юнус Эмре түрік мәдени орталығының студенті Мұхамедияр Аңқабаев Мехмет Акиф Ерсойдың "Чанаккале шейіттеріне" атты өлеңін оқыды.

Рәсім "Чанаккале Жеңісі" туралы қысқа метражды фильм көрсетілімімен және фотокөрмемен аяқталды.

Anahtar Kelimeler: Мехмет Акиф Ерсой, Түркияның Нұр-Сұлтандағы Елшілігі,

Жаңалықтар